You are here

Достық үйі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Алматы облыстық «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Облыстық Достық үйі - арнайы жоба бойынша салынып, 2008 жылы пайдалануға берілген. Осы ерекше сәулетті ғимаратта облыстық Ассамблея хатшылығының, құрылымдық бөлімшелердің және 23 облыстық этномәдени орталықтың кеңселері орналасқан.

Ғимарат үш қабаттан тұрады, жалпы көлемі 3972,8 шаршы метр. Онда Ассамблеяның өнімді жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдай жасалған. Атап айтсақ, олар: мультимедиа, тілдерді үйрету орталықтары, 3 би залы, 200 орындық мәжіліс залы, 4-арналы синхронды аудармамен қамтамасыз етілген конференцзал, соңғы үлгідегі аппаратурамен жабдықталған дыбыс жазу студиясы, ұлттық киімдерді сақтайтын қойма және 50 орындық кафе.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазір Ассамблеяның барлық жұмысын басқарудың тиімді механизмін жасайтын сәт туды» - деген болатын. Соның негізінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасын, Достық үйлерін дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Облыстық Достық үйі» МКҚК облыстық әкімдік аппараты жанындағы «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде қайта құрылды. Оған облыстық Ассамблеяның қызметін қамтамасыз ету функциясы жүктеледі.

«Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры – Сәдеков Жанат Ибрагимұлы

Тел.: 8 (7282) 40-07-57, 40-07-44

E-mail:  dom-druzhby@mail.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15