You are here

Ғылыми-сарапшылық қызмет

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төрағасы заң ғылымдарының докторы,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректоры,

академик, профессор  Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов

Негізгі ережелер

Ғылыми-сараптамалық топ тұрақты негізде жұмыс істеуші аналитикалық-кеңесші орган болып табылады.

Ғылыми-сараптамалық топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылғы дейінгі даму Тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Алматы облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы жөніндегі Ережені басшылыққа алады.

Міндеттері

1.Облыстағы этносаралық, конфессияаралық үдерістер мен этносаяси жағдайларды зерттеу және талдау;

2.облысты мекендейтін этнос өкілдерінің мәселелері бойынша талдамалық құжаттарды дайындау;

3.мемлекеттік ұлттық саясаттың жүзеге асыру бойынша Ассамблеяның рөлін нығайтуға көмек көрсету;

4.Қазақстандық қоғамның тұтастығы мен жалпыұлттық келісімді нығайтуға бағытталған ұжымдық нәтижелі шараларды дайындау үшін ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің, ғылыми-зерттеу базасының ресурстық және интелектуалдық әлеуетін, жоғары оқу орындары мен әлеуметтік зерттеулер орталықтары ғалымдарының мүмкіндіктерін жұмылдыру.

Қызметтері

Осы Ереже бойынша белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін ғылыми-сараптамалық топ келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1.облыста тұратын этностардың өзара қарым-қатынастарындағы үдерістерді бағалау бойынша талдамалық құжаттарды, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы түсініспеушіліктер мен дауларды реттеуге, шиеленісті жағдайларды болдырмауға бағытталған нақтылы ұсыныстарды даярлайды;

2.этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша ғылыми ұйымдармен, қорлармен, консультативтік және сараптама кеңестерімен, азаматтық қоғам институттарымен, басқа да ұйымдармен ықпалдастықты жүзеге асырады;

3.облыстық Ассамблеяның ғылыми жұртшылықпен байланыстарының нығаюына, сондай-ақ оның қызметінің ғылыми басылымдарда және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына жәрдемдеседі;

4.этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы оң тәжірибені зерделеу және жалпылау мақсатында осындай құрылымдардың бәрімен бірге қызмет істейді;

5.мемлекеттік ұлттық саясатты түсіндіру жұмыстарына белсене қатысады.

Ғылыми-сараптамалық топтың құрамы және құрылымы

Ғылыми-сараптамалық топ төраға мен мүшелерден тұрады.

Оның төрағасы мен мүшелерінің міндеттерін орындау қоғамдық негізде жүзеге асады.

Ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы - жоғарғы оқу орнының ғылыми дәрежесі бар қызметкері, сонымен қатар облыстық Ассамблея мүшесі болып табылатын адам.

Ғылыми-сараптамалық топтың құрамына келісім бойынша облыс, қала және аудан маслихаттарының депутаттары, этномәдени бірлестік мүшелері, ғалымдар, ғылыми және білім беру мекемелерінің оқытушылары, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кірулері мүмкін.

Ағымдағы жұмыстарды жүргізу, хаттамаларды және барлық қажетті құжаттарды рәсімдеу, ғылыми-сараптамалық топ мүшелерін мәжілістерге шақыру үшін облыстық Ассамблея хатшылығы меңгерушісінің ұсынысы бойынша хатшылық қызметкерлері қатарынан ғылыми-сараптамалық топтың хатшысы тағайындалады.

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15