Баталов Амандық Ғаббасұлы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

 

 

 

 

 

1952 жылы туған.

Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын бітірген. Мамандығы – инженер-гидротехник.
Еңбек жолын 1975 жылы Алматы қаласындағы «Казглавселезащита» жобалау-құрастыру бюросының аға инженері болып бастап, әр жылдарда құрылыс саласында түрлі жауапты қызметтер атқарды.

Кейін Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, Алматы қаласы Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің орынбасары Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.