You are here

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы

12.04.2017, 10:46   243

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Достық үйінің мәжіліс залында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омардың қатысуымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті.

Жиынның мақсаты: облыс аумағындағы қоғамдық саяси тұрақтылық, ұлтаралық қатынасты нығайту, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті насихаттау.

Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері қатысты.

Мәжілісітің күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Олар:

І. Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХV сессиясы жұмысына Алматы облысы делегациясының қатысуын ұйымдастыру;

ІІ. Діни экстремизм мен радикализм идеяларының алдын алу туралы;

ІІІ. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың аймақтағы жүзеге асырылуы туралы;

ІV. Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері;

V. Әр түрлі

Жиын барысында алғашқы болып баяндама жасаған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай: «Баршаңызға мәлім, сәуір айының 26-сы күні Елордамыз Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің өміріндегі елеулі оқиға, Елбасының қатысуымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі ХХV-ші сессиясы "Жаңғыртудың негізі - тұрақтылық, бірлік, келісім" күн тәртібімен шақырылып отыр. Сессияның күн тәртібінің өзінен-ақ Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын жүзеге асыру - Ассамблея қызметінің басты бағытының бірі екенін байқаймыз», - деді өз сөзінде.

Сондай-ақ, облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Ғ.Сарыбаев, облыстық дін істері басқармасы басшысының м.а.Қ.Омаров, «Орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің филиалы төрағасының орынбасары Л.Котельникова баяндама жасады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15