You are here

«Елі сүйген – Елін сүйген Елбасы»

03.12.2016, 15:19   126

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» Тұңғыш Президент күніне арнап «Елі сүйген – елін сүйген Елбасы» облыстық форумын ұйымдастырды.

200-ге жуық адам қатысқан мерекелік іс-шарада облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Келемсейіт, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, «Элефтерия» грек этномәдени бірлестігінің төрағасы Г.Иорданиди, болгар этномәдени орталығының төрайымы Д.Яраполова қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, жүрекжарды ыстық ықыластарын жеткізді.

Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың қысқа мерзім - 25 жыл ішінде Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын әлемге паш етуі; Еліміздің еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап, халқымызды әлемге таныту жолындағы Елбасының ерен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ету форумның негізгі мақсаты болды.

Іс-шара «Елім деп соққан жүрегі» атты V патриоттық әндер байқауының гала концертіне ұласты.

Тұңғыш Президент күніне арналған байқаудың қорытындысы бойынша 3-орынды Оспанов Мира, Інібек Ерасыл,  2-орынды Алғысбек Дәуен, Болатхан Айберген, 1-орынды Қаділжан Қайсар, Рахымберген Камила иеленсе, гран-при Азамат Үмбетовке бұйырды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15