You are here

Қайырымдылық акциясы

31.03.2017, 18:00   585

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстық «Иман» мешітінде, «Милосердия» Қоғамдық қамқорлық қорында «Қайырымды ел» акциясы өтті.

Іс-шара аясында аз қамтылған отбасыларына,  әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Акцияны ашқан алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай өз сөзінде: «Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің дәстүрлі қайырымдылық шараларын жалғастыруда. «Қайырымды Ел» акциясы                      1-наурызда басталып, бір Алғыс айту күнінің аясында 600 ден астам адамға                9 млн.тенгеден астам сомманың қаржылай көмегі көрсетілген болатын. Бүгінде сол акцияның жалғасы облыстық Иман мешіті мен «Милосердия» Қоғамдық қамқорлық қорында 60 тан астам отбасына НАҚ бірлік қоғамдық қоры мен облыстағы жаны жомарт жандар (меценаттардың) күшімен жиналған азық-түлік себеттері таратылуда»- деді.

Ізгі шараның негізгі мақсаты қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15