You are here

Қайырымдылық – жүрек нұры, көңіл қуанышы

25.11.2016, 18:26   114

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Достық үйінде кемтар, жетім балалардың қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынып жүрген жайсаң жандар бас қосты.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» қайырымдылық ұйымдар мен донорлардың «Қайырымдылық керуені» облыстық акциясын ұйымдастырды.

Игі іс-шараның мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру, қазақстандықтардың, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту.

Акцияға Алматы облысының барлық аудандарындағы жаны жомарт, ел болашағы мен игілігі үшін еңбек етіп жүрген меценаттар, ажалға араша болып жүрген донорлар, қан құю станциясының қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері қатысты.

Ізгі істері үшін меценаттарға ықыласын білдіріп, сөз сөйлеген облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, қан құю станциясының донорларды іріктеу бөлімінің меңгерушісі С.Моллаева мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Талдықорған қалалық филиалының қызметкерлері жыл көлемінде қомақты көмек көрсеткен қайырымгерлерге құрмет көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады. Акция соңы көркемөнерпаздар ұжымының концерттік бағдарламасына ұласты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15