You are here

«Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің өңірлік аспектісі: тәжірибе, практика, әдістемелер» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

04.11.2016, 19:02   281

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 3 қарашада Алматы облысының Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің өңірлік аспектісі: тәжірибе, практика, әдістемелер» тақырыбына арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Юрий Тимощенко, ҚХА мүшелері және өңірлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов болды. «Бүгінде Қоғамдық келісім кеңестері нақты іс-қимыл жасай алатын, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін нығайтуға қызмет етіп отырған үлкен күш», - деді ол өз сөзінде.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, ұйым қызметіндегі елде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтумен байланысты  жаңа нысандарды талқылады.

Іс-шара шеңберінде Қоғамдық келісім кеңестерінің түрлі бағыттары бойынша жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.  

Сондай-ақ қатысушылар қазақ тілін үйрену орталығының қызметімен және Алматы облысы этномәдени бірлестіктерінің қызметімен танысты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15