You are here

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!

30.08.2017, 09:00   1004

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!

Бұл күн біздің мемлекетіміздің демократиялық негіздерінің мызғымастығын, адам құқықтары мен бостандықтарының салтанатын, еліміздің болашағы үшін әрқайсымыздың азаматтық борышымыз бен жауапкершілігімізді білдіреді.

Қоғамдағы бірлік пен келісімнің арқасында әрқайсымыз қауіпсіз өмір сүріп, жұмыс істей аламыз, отбасын құрып, балаларды тәрбиелеп, болашағымызды жоспарлай аламыз.

Конституция барлық құқықтық жүйенің негізі бола отырып, Қазақстанның тұрақты және дәйекті дамуын қамтамасыз етеді. Ол әр адамның, бүкіл қоғамның шығармашылық әлеуетін іске асыруға кең мүмкіндіктер ашады.

Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары, сондай-ақ біздің алдымызға қойған жоспарларымыз бен міндеттеріміздің ауқымы біздің Конституциямыздың жасампаздық әлеуетін бейнелейді.

2017 жыл - біздің қоғамымыздың жан-жақты терең жаңғыру жолына шығуының басталған жылы. Бұл ХХІ ғасырда біздің халқымыздың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінгі таңда мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі сананың озып, рухани жаңғыруы болып табылады. Біздің реформаларымыздың табысты жүзеге асырылуы рухани жаңғыруға, сондай-ақ ұлттық бірлігіміз бен келісімді нығайтуға тікелей байланысты болады.

Сананың ашықтығы мен өзгерістерге дайын болу, бәсекеге қабілеттілік пен прагматизм, білімді болуға ұмтылу және басқалардан үйрену қабілеті, біздің халқымызға тән асыл қасиеттерді сақтау және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету рухани жаңғырудың нәтижесі болуы тиіс.

Құрметті қазақстандықтар!

Осы айтулы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, бақыт, құт-береке тілейміз! Әр шаңырақта бірлік пен келісім, ырыс пен ынтымақ орнасын, бұл мереке еліміздің болашағы мен Отанымыздың игілігі жолындағы мақсаттарға қол жеткізуге күш-жігер мен сенімділік береді! Еліміздің іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Дата события Ассамблеи: 

Бейсенбі, 31 Тамыз, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15