You are here

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Елім – Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық жастар акциясының бастау алуы

04.11.2016, 23:52   568

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 4 қарашада Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Елім – Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық жастар акциясының жолын ашып, бастау алуын жария етті.   

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Юрий Тимощенко, ҚХА мүшелері және өңірлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің және БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Акция жастарды Мемлекет басшысының бейбітшілік пен татулық саясатын іске асыруға шоғырландырып, 5 институционалдық реформаны, жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясын қолдауға бағытталған. 

«Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» атты кітап акцияның символы ретінде таңдалған. 

«Мәңгілік Ел – бұл бейбітшілік пен келісімнің құндылықтарын нығайтатын жалпыұлттық патриоттық идея. Бұл – біздің бабаларымыздың ұлы арманы.   Біздің алдымызда, еліміздің қазіргі заманғы буынының алдында асқақ міндет – осы арманды жүзеге асыру міндеті тұр», - деді өз сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова.

Акцияға қатысушылардың бірі, әнші Әли Оқапов еліміздің талантты жастарының атынан сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевқа алғыс сезімін жеткізді.   «Бүгінде біздің мемлекетіміз бен Елбасы Қазақстанның әр азаматының өзін-өзі дамытуы, өсуі үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отыр.  Бізді үлкен мүмкіндіктер елі, Ұлы Дала Елі деп атайды. Туған еліміздің, Қазақстанымыздың даңқын арттыра беру – біздің парызымыз», - деді ол акция қатысушыларына арнаған сөзінде.

Акция барысында оның қатысушыларының  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа үндеуі қабылданды. Онда жастардың Ұлы Дала Елінің дәстүрлеріне адал болу, Болашағы біртұтас ел – Мәңгілік Елдің қасиетті құндылықтарын сақтап, ұлғайта беру жөніндегі уәделері көрініс тапқан.

_______________

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

+7775 400 86 39,

E-mail: info_rgy@mail.ru,

www.assembly.kz

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15