You are here

ҚХА облыстық сессиясы өтті

28.12.2017, 11:07   149

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 27 желтоқсан күні Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік және келісім – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында  кезекті  ХХІІІ сессиясы өтті. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім мекемесі ақын Сара Тастанбекқызының Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің көмегімен Мәскеу қаласынан елімізге жеткізілген қолдан салынған суреттері, құнды жәдігерлері мен тарихи құжаттарынан көрме ұйымдастырды.

Маңызды іс-шараға Алматы облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Баталов Амандық Ғаббасұлы, ҚХА мүшелері мен белсенділері, облыстық басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық  және аудан, қала, ауылдық округтердегі Қоғамдық келісім, Аналар кеңесінің, облыстық этномәдени орталықтардың төрағалары, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, республикалық, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV  сессиясында берген тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 2017 жылы атқарған жұмысын қорытындылауға арналды.

Сонымен бірге облыс аумағындағы этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, медиацияны, қайырымдылықты  дамыту; Қазақстан халқы Ассамблеясы алға қойған негізгі мақсаттар мен міндеттерді саралау, келесі жылдың жоспарын талқылау, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер», «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі географиясы»   бағдарламаларын үйлестіру мәселелері қаралды.

Сессияда Алматы облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы  Баталов Амандық Ғаббасұлы төрағалық етті.

Сессия жұмысы барысында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы «Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық сананы модернизациялаудағы жұмысының негізгі бағыттары»  тақырыбында негізгі баяндама жасады. Жамбыл аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Лушникова Надежда Андреевна: «Тіл – ұлттық сананы қалыптастырудың негізі», Ақсу аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Айтбаев Амангелді Айтбайұлы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі», облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алпысбаев Рустам Әлиұлы: «Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру», Талдықорғандағы «Видергебурт» неміс қоғамының мүшесі Ерёменко Евгения Владимировна: «Ішкі туризмді дамытудағы этномәдени орталықтардың  жобалары», Еңбекшіқазақ ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Бондаренко Оксана Даниловна: «Ауыл жастарының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы рөлі» атты тақырыпта баяндама жасады. 

Сессия жұмысы Ассамблеяның негізгі қызметі мен басты  бағыттарын іске асыруда және насихаттауда үздік танылған Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен белсенділерін және сала қызметкерлерін марапаттау рәсімімен аяқталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15