You are here

«Көркем тіл. Көркем сөз. Көркем ой» байқауы өтті

29.09.2017, 14:29   446

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылы 26 қыркүйек күні  Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі - Қоғамдық келісім  орталығының» ұйымдастыруымен Достық үйінде «Қазақстан халқының тілдері күні» аясында «Көркем тіл. Көркем сөз. Көркем ой» атты әр этнос жастары арасындағы қазақ тіл білгірлерінің арасында облыстық конкурс өтті.

Іс-шараның мақсаты –  этнос өкілдерін мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру, қазақ мәдениеті мен ел тарихы туралы білімін    арттыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,  халық арасында бірлік пен қоғамдық келісімді насихаттау, сондай-ақ,  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған идеяларды жүзеге асыру. Байқау шарты бойынша  сайысқа  қатысқан 14- 29 жас аралығындағы түрлі ұлттың 30-ға жуық өкілі (мектеп оқушылары, студент жастар, мемлекеттік қызметшілер және түрлі сала қызметкерлері) үш номинация бойынша бақ сынасты.  

Байқауды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай құттықтау сөзімен ашып, «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев  жеңімпаздарды құттықтай отырып, қорытындылады.

Жобаның  авторы Ақсұңқар Ақынбаба өз сөзінде: «Байқауды облыстық Ассамблея биыл алғаш рет ұйымдастырып отыр және болашақта да Достық үйінде жыл сайын өткізіліп тұратын дәстүрлі жобаға айналмақ. Сайысқа түрлі этнос өкілдерінің 14-29 жас арасындағы жастары қатыса алады. Байқаудың  «Көркем тіл» номинациясында  қатысушылар мемлекеттік тілде   шығарма жазса, «Көркем ой» номинациясында қазақтың ұлттық дәстүрлері мен Тәуелсіздік тарихы туралы сұрақтарға ауызша жауап береді, ал, «Көркем сөз» номинациясында  түрлі ұлт  әдебиетінің шығармаларынан қазақ тілінде мәнерлеп оқиды. Биылғы жазбаша шығарманың тақырыбы Елбасының  «Рухани жаңғыру» мақаласына негізделді. 

Құрамында облыстық Тіл басқармасының өкілдері Туғанай Рақымбердина, Сарби Әйтенова, қалалық тіл бөлімінің өкілі С.Рысбаева және Достық үйінің өкілдері төрелік еткен  тіл байқауында облыстағы  12 аудан, үш қаладан келген үміткерлер бақ сынасты.

Байқаудың бас жүлдесін Керимова Ирина (Қаратал ауданы) жеңіп алса, 1-орынға Готунок Алина (І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті), 2-орынға Джамиева Эмрабуви  (Еңбекшіқазақ ауданы), 3-орынға Данилов Руслан  (қалалық №11 мектептің 10 сынып оқушысы) мен Аутов Мехришат (Қарасай ауданы) лайық деп танылып,  5 қатысушыға ынталандыру сыйлықтары мен арнайы дипломдар табыс етілді. Іс-шара соңында  қатысушылардың барлығына да  естелік сый-сияпаттар табыс етілді.

Қатысушылардың байқау барысында жазған «Рухани жаңғыру», «Тәуелсіздік пен Ел тұтастығы»  тақырыбындағы шығармалары мен  жалпы ақпарат болашақта «Көркем тіл. Көркем сөз. Көркем ой» тақырыбында жеке жинақ, фотоальбом ретінде жарыққа шығарылады.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 29 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15