Латын әліпбиіне көшуге арналды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгінгі таңда латын жазуы әлемнің ақпараттық, ғылыми және технологиялық салаларының алдыңғы қатарлы әліпбиі болып табылады. Қазақ тілі жазуын реформалау Қазақстанда тұрақты қоғам құруға ықпал етіп, елдің әлемдік кеңістіктегі танымалдылығын арттыруға мүмкіндік беретінін түсіндіру мақсатында, ағымдағы жылдың 1 қарашасы күні сағат 15.00 де Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшірудің жаңа стандарты» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шара облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайұлының жүргізуімен, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, облыстық Ассамблея жанындағы этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық тілдерді дамыту басқармасы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары, «Парасат» тіл жанашырлары клубының мүшелері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы, Аналар кеңесі және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Огни Алатау» газетінің бас редакторы, облыстық ҚХА жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы Атсалим Идигов, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы, Алматы облысының «Құрметті азаматы» Светлана Зунунқызы, «Парасат» клубының төрағасы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ заң факультеті деканының орынбасары Дамир Дигай, облыстық тілдерді дамыту басқармасы оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Зинагүл Халыққызы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Оралбек Жақиянов, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев сөз сөйлеп, тіл реформасына қолдау  пікірлерін білдірді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.