You are here

Мен – дарынды баламын!

26.05.2017, 19:12   344

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 26 мамыры күні Достық үйінде 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мүмкіндігі шектеулі балалардың «Мен – дарынды баламын!»  IV облыстық  шығармашылық фестивалі өтті.

Балалар шығармашылығына арналған «Мен – дарынды баламын!» фестивалі Алматы облыстық ҚХА және «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қолдауымен биыл 4-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Фестивальға жалпы 55 бала қатысты.  Олар «Қамқор» Талдықорған балаларға арналған психологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі», Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Облыстық оңалту орталығы» КММ, Зағиптар қоғамы клубы, Көксу аудандық «Салауат» мүгедектер қоғамы, Облыстық нашар еститін және саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты мен  «Алпамыс» Қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілері, шығармашылыққа бейім дарынды балалары.

Фестиваль аясында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлы және облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлы сөз сөйлейді.

Мерекелік іс-шара соңында қатысушыларды фестивальға дайындаған жетекшілеріне облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттары табысталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15