You are here

Наурыз мейрамы

25.03.2016, 17:57   1192

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.

Талдықорған қаласында облыс тұрғындары Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін тұңғыш рет «Жастар» мәдени-демалыс саябағының атап өтті. Мереке барысында  12 этномәдени бірлестіктер дайындаған қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарынан жасалған көрмені облыс әкімі Амандық Баталов және ел ағалары тамашалады.

Осы күні  Жастар саябағында  түрлі ұлттық  спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Ұлттық  мерекеде  кешкісін  жастарға арналған би кешімен жалғасты. 

   

   

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15