You are here

«Сабантой» - достықтың мерекесі

26.06.2017, 13:30   143

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Сабантой татар тілінен аударғанда «Жер өңдеу мерекесі» деген ұғымды білдіреді. Дәстүр бойынша татар халқы бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. Заман ағымына қарай өзгеріске ұшырап, дамытылып, заманауи реңкке ие болған мереке бүгінде ЮНЕСКОның мәдени мұра жауһарлары тізіміне енген.

Ағымдағы жылы 24 маусым күні Достық үйінің алаңында «Бірлігі жарасқан байтақ елім» атты «Сабантой» мерекесі өткізілді. Көпшілік-мерекелік іс-шара «Туған тель» татар-башқұрт мәдени орталығының 25 жылдығына арналып, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Туған тель» татар-башқұрт мәдени орталығының ұйымдастыруымен, облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қолдауымен өткізілді.

Мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы қатысып, өңір тұрғындарын облыс басшылығының атынан Сабантой мерекесімен және  «Туған тель» татар-башқұрт орталығының 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, орталықтың белсенділеріне татулық пен қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыруда белсенді жұмыс істеп жатқандары үшін   алғысын білдіріп, құрмет грамоталарын табыстады.  Сонымен қатар облыстық “Туған тель” татар мәдени орталығының төрағасы Ибрагимов Хайрулла Абдулвахитұлы сөз сөйледі.

Бояуы қанық концерттік бағдарламада Сабантой мерекесіне Татарстан Республикасынан арнайы келген «Қазан егетляре» ансмблінің алғашқы солистері, «Артур мен Марат» дуэті өнер көрсетті.

Күн шуағы молынан төгілген бұл мерекеде қатысушы қонақтар әртүрлі байқаулар мен татар халқының ұлттық ойындардың куәгері болды. Бұл жерде татар мен башқұрттың ұлттық киімін кигендер өз өнерлерімен жарасымды кештің сәнін келтіре түсті. Ал татардың ұлттық күресі «Көрәш» көпшіліктің көңілінен шықты.

Сабантой татар және башқұрт халқының ұлттық мерекесі, онда дос-жарандар мен туысқандар бас қосады. Аталмыш мереке өңірімізде жыл сайын өткізіледі және адамдардың бойында мейірімділік, әділдік, достық пен толеранттылық қасиеттерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15