You are here

«Тіршіліктің тірегі-асыл жандар» форумы

11.03.2016, 18:59   1466

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Әйел-ана, Әйел-өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде інгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, ұрпағының бақыты.

5 наурыз күні Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ  ұйымдастыруымен «Тіршіліктің тірегі-асыл жандар»  атты форумы  өтті.

 Форумға «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Ж.И.Сәдеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы ЭМО төрайымдары, ардагерлері мен белсенділері,  облыстық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Қ.Ж.Баймадиева, Алматы облысының құрметті азаматы З.С. Гаитова, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Иманғали Қалибек, әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап сөз сөйлеп, ҚХА хатшылығы мен Достық үйі қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Достық үйінде салтанатты кеш болып өтті. Аталған кеште «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығының» директоры Садеков Жанат Ибрагимұлы, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы ашып, барша әйелдер қауымын 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Алматы облысының құрметті азаматы З.С. Гаитова, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Иманғали Қалибек ақсақал, әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап сөз сөйледі.

Достық үйінің «Өрнек» би ансамблі, Дмитрий Мыцык, «Нұр-Ас» дуэті, Сагадиев Рашид, Николаев Илияс, саз колледжінің студенті Ғали Какимбаев өнер көрсетіп, ақ жаулықты аналарға  концерттік бағдарлама арналды, кеш барысында жиналған қонақтарға  дастархан жайылып, сый-сияпаттар табыс етілді.

Форумның жалғасы Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі орталығының салтанатты ашылуы болды. Форумда «Құрсақ шашу», «Той бастар» сияқты салттар көрсетіліп, көрімдік пен басқа да сый-сияпат табыс етілді.

   

   

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15