You are here

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Достық кентінде

12.12.2016, 16:12   322

Версия для печатиPDF versionEPUB version

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 10 желтоқсан күні Алакөл ауданындағы «Достық» станциясына табан тіреді. Қонақтарды қарсы алуға арналған салтанатты жиынды Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.Абдинов ашып, барша жұртшылықты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

Жоспарға сәйкес пойыз құрамындағы мамандар бірнеше бағытта жұмыстар атқарды.  Алакөл ауданының 370 тұрғыны Достық кентінің емханасында денсаулық саласы бойынша кеңес қызметтерін алып, тегін медициналық тексерілуден өтті.

Білім беру саласындағы мәселелерге арналған семинарда үш тұғырлы тіл, ҰБТ өзгерістері, 12 жылдық білім тақырыптары қызу талқыланды. 90 адам көкейлеріндегі сұрақтарға қанағаттанарлық жауап, кеңестер алды.

Аудан әкімдігінің ғимаратында әлеуметтік қорғау саласы бойынша 10 адамға зейнеткерлікке шығу, көп балалы және  толық емес отбасыларға   жәрдемақы алу туралы кеңестер берілді. Ауыл шаруашылығы, өз кәсібін ашу, бизнес, кәсіпкерлікке несие алу жолдары бойынша туындаған сұрақтарға 15- адам толық жауаптар алды.

Құқық қорғау мәселелері мен Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған кеңес алуға 10 адам келді. Нұр Отан партиясының өңірлік филиалына қабылдауына келген 12 адамның  да мәселелері оң шешімін тапты. Акция аясындағы салтанатты митингке 1500 адам жиналып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездессе, 150 адам дәрістерге қатысты. «Тәуелсіз Қазақстан поезының» Достықтағы жұмысы жалпы 2157 адамды қамтыды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15