You are here

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызын Талдықорғандықтар қарсы алды

08.12.2016, 18:14   640

Версия для печатиPDF versionEPUB version

7 желтоқсан күні Талдықорғандықтар  «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын  салтанатты түрде қарсы алды.

Жер жаннаты Жетісу жеріне келген қонақтарды қарсы алған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ауқымды акцияның халықтың әлеуметтік мәселелерін шешудегі маңыздылығын атап өтті.

«Акцияның негізгі мақсаты Тәуелсіздігіміздің құндылықтарын көпшілік арасында кеңінен насихаттау. Біздің өңірдің тұрғындары осы пойыздың келуін асыға күтті. Сондықтан біз өз тарапымыздан Жетісу жеріне келген пойыз құрамындағы мамандардың өз жұмыстарын атқаруына бар жағдайды жасадық.», -деді өз сөзінде ол.

«Биылғы жыл қазақстандықтар үшін ерекше маңызды. 25 жыл ішінде мемлекетіміздің  жүріп өткен жолын, жеткен жетістіктерін халыққа жеткізу мақсатында, еліміздің алыс елді мекендерін, түпкір-түпкірін аралауды жөн санадық. Біздің негізгі мақсат, ширек ғасырда Отанымыз жеткен жетістіктерді насихаттау, ел бірлігін нығайту, халықты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолында біріктіру», -  екендігін Тәуелсіз Қазақстан» поезының штаб басшысы, белгілі ғалым Әміржан Әлпейісов өз сөзінде айтып өтті.

Пойыздың ақпараттық-насихат тобының қатысуымен Достық үйінде көрме ұйымдастырылып, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шара барысында пойыз делегаттары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған облыстық «Тәуелсіздік – тұғырым» форумына қатысты.

Сондай-ақ пойыз жұмысының аясында  «ҚХА Теңдесіз сыйы» акциясы бойынша облыстық С.Сейфуллин кітапханасына ҚХА бастамасымен шығарылған 23 кітап сыйға берілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің     25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан пойызы» акциясы аясында Талдықорған қаласында жергілікті тұрғындармен қабылдаулар жүргізілді. Денсаулық саласына 120 адам тексеріліп, кеңес берілді.  Білім беру оның ішінде  үш тұғырлы тіл, бала асырап алу, 12 жылдық білім, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі өзгерістер мәселелері бойынша 35 адам кеңес алды.

Ал политехникалық колледжінің ғимаратында өткен  білім беру саласындағы мәселелерді талқылауға арналған семинарға 100 астам адам қатысты.

Ауыл шаруашылығы, өз кәсібін ашу, бизнес, кәсіпкерлікке несие алу жолдары бойынша туындаған сұрақтарға 24 адам толық жауап алды. Әлеуметтік мәселелер толғандырған 18 адамға зейнеткерлікке шығу, көп балалы және толық емес отбасыларға жәрдемақы алу туралы 23 кеңес қызметі көрсетілді . «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалында өткен қабылдауға 20 адам келіп, барлық мәселелер оң шешімін тапты.

2016 жылы 7-шы желтоқсанда жалпы қабылдауда болған адам саны – 549.

Жалпы акция 1500-ге жуық адамды қамтыды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15