You are here

Тәуелсіздік пойызы Ақсу өңірінде болды

12.12.2016, 15:54   522

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ақсу жұрты асыға күткен «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Матай темір жол бекетіне 9 желтоқсан күні жетті. 1000 - ға жуық жұрт жиналған перронда салтанатты жиын ұйымдастырылды. Вокзал басындағы «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясының делегаттарын қарсы алушылар атынан Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлы құттықтап, егемендік алған жылдар ішінде Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстанның барлық салада жоғары жетістіктерге жет­кенін, әлем таныған іргелі мемле­кетке айналғанын, ұлтаралық, конфессияаралық татулық, қо­ғамдағы түсіністік басты құн­дылықтарымыздың бірі болып табылатынын айтты.

Матай ауылының тұрғыны, зейнеткер, «Ақсу ауданының құрметті азаматы» Бейсенбеков Аймұхан мұндай акциялардың қоғам­ды, этностарды ізгі мақсат­тар жолында біріктіруші фактор ретіндегі маңызына тоқталса, пойыз жетекшісі Әлпейсов Әміржан «өтініш-тілектер ескерусіз қалмайды «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясы барысында тұрғындардың өтініш-тілектері мұқият тыңдалып, мәселелерді шешу жолдары жан-жақты қарастырылды» деп баса айтты.

Іс-шаралар барысында 2014 жылы ашылған Түркістан-Сібір теміржолының ашылуына 80 жыл толуына байланысты ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Матай орта мектебінің мәжіліс залында пойыз жетекшісі Әлпейсов Әміржан Қайырұлы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Жақиянов, ҚХА мүшесі Асия Тұрсынқызы, Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Онда Елбасының көшбасшылық рөлі, Тәуелсіздігіміздің бүгіні болашағы, мемлекетті­лігіміздің даму орнын айғақтай­тын «Мәңгілік Ел» идея­сы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі қағидат­тары тақырыбында мән мағынасы зор  ойлар айтылды. Жиынға 180 адам қатысты.

Жиын соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшылығымен мәдениет және өнер мектебінің ұжымының ұйымдастыруымен кітап көрмесі және концерттік бағдарламасы ұсынылды

қоғамдық мәні бар жайлар көбірек қозғалды. Тұрғындарды әлеуметтік мәселелер бойынша қабылдаулар ұйымдастырылды. Атап айтқанда ақ халатты абзал жан­дарда еш тыным болған жоқ. Матай ауылдық емханасында барлығы 335 адам кеңес алды. Дәрігерлердің қабылдауына келген адамдар толыққанды тексерілуден өтіп, кеңестер алды. Кеңес алғандардың 38-і бала.

Бірнеше нысандарда ірі ауқымдағы іс-шаралар ұйымдастырылды. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы қатысушылары Матай орта мектебінің жұмысымен танысты. Қоғамдық келісім Кеңесінің қоғамдық қабылдауы, құқықтық көмек көрсету және заң мәселелері бойынша 7 адам пайдалы кеңестер алды. Әлеуметтік мәселелерлер оның ішінде еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласы бойынша консультативтік кеңестер берілді. Зейнетақы, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы, мүгедектерге, көп балалы, жалғыз басты анаға төленетін жәрдем ақы, зейнеткерлік жасқа байланысты сауалдармен 22 адам жауап алды. Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері, ҚКП «Атамекен» өкілдері, Ұлттық кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы мәселелері бойынша консультативтік кеңестер берілді. Кеңес алған адамдар саны – 3.

Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырумен ауданның үздік мұғалімдерімен, білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу және қабылдау өткізілді. Кездесуге 150 адам келіп, қабылдауға 23 адам қатысты.

 Сонымен қатар барлық теміржол бекеттерінде этносаралық қатынас мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу сауалнамасы да жүргізілуде.

БАҚ өкілдерімен өткен бри­фингте Қазақстанның қуатты мем­лекет ретінде орныққаны, халықтың тұрмыс сапасы жақсарғаны, әлеу­меттік қолдаулардың артқаны атап көрсетілді.

Жоғарыда аталған іс-шараларға жалпы 1710  адам қатысты. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15