Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылғ 11 қазан күні  Талдықорғаннан шыққан «Елім менің» автокеруені Кербұлақ, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандарын аралап,  14 қазан күні олардың қатысуымен Қаскелең қаласында «Қазақстан - бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекені» атты форум өткізді.

Іс-шара Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарының өкілдерінің, Аслы Осман, Надежда Лушникова сияқты қоғам қайраткерлерінің және жастардың қатысуымен өтті.

Мерейлі мерекеге арналған іс-шараның мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру, ұрпақтар сабақтастығын дамыту, ұлтаралық қатынастарды нығайту болып табылады.

Іс-шара барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Алматы облысының құрметті азаматы С.Гаитова, «Бірлік» жастар қауымдастығының төрағасы Н.Белик, Сарқан аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Г.Қалиева баяндама жасады.

Іс-шара тіл жанашырлары А.Осман мен Н.Лушникованың шығармашылық кешіне ұласты. Онда ел алдында жүрген апаларымызға жүрекжарды ақ тілектер арналып,  құрмет көрсетілді.

Форум көрермен жүрегіне жол тапқан концерттік бағдарламамен аяқталды.

Қатысушылардың саналарын серпілтіп,  көңілдерін көтерген автокеруенді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі -Қоғамдық келісім орталығы» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап ұйымдастырды.

Г. Бағдатова

Алматы облыстық «Достық үйі – қоғамдық

 келісім орталығының» баспасөз хатшысы

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.