You are here

Тұңғыш Президент күніне орай облыстық ҚХА кеңесі өтті

05.12.2016, 08:54   387

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1 желтоқсан Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен Достық үйінде «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген – елін сүйген Елбасы» атты облыстық форум өтті.

Форум аясында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Омардың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі өтті. Оған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері, Қоғамдық келісім кеңесі, этномәдени бірлестіктер төрағалары қатысты.

Іс-шара барысында этномәдени орталықтардың қолданбалы шығармашылық туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ  облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар Достық үйіндегі барлық этномәдени бірлестіктердің, қазақ тілін оқыту орталығының жұмыстарымен танысты.

Кеңестің мақсаты: Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 25 жыл мерзім ішінде сарабдал саясатының арқасында жеткен Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын паш ету. Еліміздің еңсесін тіктеп, мемлекетімізді, халқымызды әлемге таныту жолындағы Елбасының ерен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Халықаралық аренадағы беделін биіктету, абыройын асқақтату, еліміздің экономикалық дамуын ілгерілету, бағалы бастамаларын қолдау.

Қазақстандық қоғамның одан әрі табысты дамуы үшін топтастырудың өзегі болып табылатын "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын, бірегейлік пен бірлікті, этносаралық қатынастың теңдесі жоқ Қазақстандық  үлгісін паш ету.

Іс-шара барысында тарих ғылымдарының кандидаты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Гуманитарлық факультетінің деканы,  облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшы топтың мүшесі А.Толамисов, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Н.Белик, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, геграфия ғылымдарының докторы, профессор Қ.Баймырзаев, облыстық  әзірбайджан этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Осман, облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Ахметовалар күн тәртібіндегі «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен нығаюындағы Елбасының рөлі» тақырыбында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тариxи рөлі мен ел дамуының бүгіні мен болашағы жайында  баяндамалар жасап, сөз сөйледі.

Ел бірлігі мен қоғамдық келісімді орнықтырып, дамыту ісінде осы залда отырған – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі мүшелерінің еңбектері зор. Бүгінгі кеңестің тағы бір ерекшелігі, ол – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25-жылдығында атқарылған жұмыстардың  қорытындылаушы отырысы ретінде өткізілуінде, - деді өз сөзінде облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15