Жалпыреспубликалық акция аясында өткен іс-шара

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ассамблеясының «25 жұлдызды күн: «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» жалпыреспубликалық акциясының іс-шаралар жоспарына сәйкес 21 қараша күні облыстық Ассамблея мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» тақырыбын ашу мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу қорытындыларын коммерциялау кеңсесінің директоры, заң ғылымдарының магистрі Д.Дигай, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаева, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы  А.Қыстаубаев, облыстық соттың судьясы  Г.Валимова, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы  О.Жақиянов, Талдықорған қалалық сотының судьясы  Б.Дүйсенбеков сөз сөйледі. Баяндамалар талқыланып, дөңгелек үстел соңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бейнероликтер көрсетіліп, акция қорытыланды.

Дөңгелек үстелді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы С.Сұрабалдинова жүргізіп отырды.

Іс-шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.