«Жыр алыбы Жамбыл» атты сұхбаттасу іс-шарасы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылы 11 наурыз  күні Алматы облыстық  «Бірлік» жастар қауымдастығы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен  бірлесе отырып,   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына  арналған  «Жыр алыбы Жамбыл» атты сұхбат алаңын  ұйымдастырды.

Сұхбат алаңына танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, тарихшылар, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар өкілдері, Қазақстан халқы Ассаблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және «Бірлік» жастар қауымдастығының белсенділері қатысты.

М.Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым»  тақырыбында  көрме дайындады. Көрмеге ақынның көзі тірісінде  қолданған  жеке бұйымдары қойылды.

Сұхбат алаңын ұйымдастырудағы мақсат –  Жамбыл Жабаевтың қазақ және әлемдік  әдебиетке қосқан үлесін тереңірек зерделеп, өскелең ұрпаққа әдеби мұра арқылы отансүйгіштік тәрбие беру, ақынның өзге тілдерге аударылған шығармаларын кеңінен насихаттау еді.

Жиынды «Бірлік» жастар қауымдастығының атқарушы директоры Н. Белик  ашып, өз сөзінде  жыр алыбы Жамбыл туралы айтып өтті.

Кездесуге қатысқандар Жамбыл Жабаевтың өмірімен және шығармашылығымен  тереңірек танысып, өзара пікірлесті.

Мәдени- көпшілік іс-шараны өткізуге Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық М.Тынышбаев атындағы музей қолдау көрсетті. 

   

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.